Алғашқы қоңырауға арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиыны
Аягөз ауданы білім бөлімінің "Кеңқолат шағын жинақты бастауыш мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім күніне орай "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын өткізілді.Білім алушыларға сынып сағаты өткізіліп, мектептің білім ордасы ретіндегі маңыздылығы түсіндірілді. Сынып сағатының тақырыбын ашу мақсатында білім алушыларға түрлі сауалдар қойылды.





